дүйсенбі, 20 қаңтар, 2025 18:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады
Фото: Жамбыл облысы Полиция департаменті
Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды.

  2024 жылдың  19 қаңтарында Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрды. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді.

Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын  растады. 

Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Жамбыл облысында жалпы «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалы жүргізушілерінің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар