Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сілтеме жасап.
"19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды", — делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀
Алдын ала тергеу мәліметінше, үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.
Әкімдік мәліметінше марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген.
19 сәуір күні аталған факті "Адам өлу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.
"20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда", — делінген хабарламада.