жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында шөптің аздығы шаруаны тығырыққа тіреді

Жамбыл облысында шөптің аздығы шаруаны тығырыққа тіреді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында шөптің аздығы шаруаны тығырыққа тіреді
Жамбыл облысында шөп тапшы. Қуаңшылықтың кесірінен өңірде жылдағыдан шөп аз шығып шаруалар әбігерге түсіп жатыр. Салдарынан нарықтағы баға 70 процентке қымбаттап кеткен. Аймақтағы шөбі шүйгін Мойынқұм ауданының өзінде ерекше сезіліп отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24". Шу өзенінде су аз. Салдарынан ағын су төменгі жаққа шықпай жайылым мен шабындықтар күйіп кеткен. Мәселен Тұлпарсазда бұған дейін мыңғырған мал жайылып, мыңдаған түк шөп орылатын еді. Оның қазіргі жағдайы мынау. Қуаңшылықтан қурап, шаңы шығып жатыр. Бағдатбек Асқаров, шаруа: - Биыл жаңбыр болған жоқ. Жел болды. Жердің бәрі кеуіп кетті. Шөп жоқ. Шөпті жайылма Мойынқұм жақта жайылма жерлер бар. Солардан қалғандарын орамыз. Шөп іздеп жатыр. Жан-жақтан алып жатыр. Шәймерден Исабеков пішен шауып ауданды қамтамасыз етіп отырған шаруалардың бірі. Ол осыған дейін шөп оруға ауыл маңайына шығатын болса, қазір төменгі 120 шақырым жердегі Құмөзектен тасмалдап жатыр. Шәймерден Исабеков, шаруа: - Қиын болып жатыр. Шөп өте сирек. Шөп жоқ бірақ. Өте сирек. Осындай проблема болып тұр. Салярканың бағасы 200 теңгеден кем емес. Жұмысшылардың айлығын да беру керек. Олар да қазір 200 мыңнан төмен айлыққа ешкім жұмыс істемейді. Барлығы келген кезде сол шөптің үстіне келіп қосамыз. Аудан бойынша 24 мың гектар шабындық жер бар. Оның 10 мың гектарын қайыр басып су шықпай қалған. Енді жұрт жайылым жердің шөбін шабындық ретінде шауып алып жатыр. Биыл Мойнықұмда 210 мың бас мал қыстайды. Оған нормаға сәйкес, қысқа деп 132 мың тонна шөп дайындалуы тиіс. Биыл бұл межені орындаймыз деп отыр. Алайда бұл оңайға түспей тұр. Шалғайдан тасмалдау шығындарынан баға жылдағыдан мың теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Қызыр Елеусізов, Мойынқұм аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: - Бірінші шөппен өзіміздің тұрғындар мен шаруа қожалығын қамтамасыз ету керек. Потребностін. Артылғанын пожалуйста сатыңдар. Деген қаулы қабылдап, сондай тапсырма берілді. Біз енді соған комиссия құрылды. Қаулы бойынша. Біз комиссиямен шығамыз. Қанша шөбіміз бар. Қанша шөп артылады. Қаншауын бере аламыз деген әңгімемен жұмыс істейміз. Жалпы облыстың мал азығына деген қажеттілігі 1 миллион 712 мың тонна. Бүгінгі күнге дейін оның 350 мың тоннасы әзірленген. Қазір Сарысу мен Талас ауданында проблема өткір тұр. Бұл өлкенің шаруалары мал азығын Түркістан мен Қарағанды облыстарынан сатып алып жатыр. Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Тимур Сейілхан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар