Жамбыл облысында су шаруашылығын дамыту мақсатында жаңа су қоймасы салынып, 76 канал жөндеуден өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 6 ақпан, 2025
- 231

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жөндеу жұмыстары Байзақ, Талас, Сарысу, Меркі және Шу аудандарын қамтиды. Сонымен қатар, Қордай ауданындағы Қарақоңыз су қоймасы жаңартылып, Байзақ ауданында Ақмола су қоймасы салынады.
Аталған шаралар 9300 гектар жерге су жеткізу сапасын жақсартып, 24,7 мың гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етуді тиімді етеді. Сондай-ақ, биыл өңірде ұзындығы 67 шақырым болатын 7 канал жөнделмек. Ал өткен жылы 69 шақырым канал жаңартылып, 13 мың гектар егістік суармалы сумен қамтылған.
Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, бұл жұмыстар өңірдің су ресурстарын тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз