жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жалғасып жатыр

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жалғасып жатыр
ашық дереккөз
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды экологиялық акция өз жалғасын табуда.

Бұл игі іске өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелермен қатар, әлеуметтік сала өкілдері, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер, туристік ұйымдар, сауда орталықтары мен мейрамхана иелері белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

2025 жылдың 8 мамырында Тараз қаласының жастары қаладағы арықтар мен каналдарды тазалауға атсалысты.

Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Қадралиевтің айтуынша, жамбылдық жастар бұл экологиялық шараға тұрақты түрде қатысып, ауқымды еңбек етуде. Оның сөзінше, жыл басынан бері жастардың қатысуымен бірқатар тазалық жұмыстары атқарылған. Атап айтқанда, осы күні 5 шақырымға жуық арық жүйесі тазартылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда жас буынға экологиялық тәрбие беру – басты назардағы мәселе екені айтылды. Алдағы уақытта жастардың бастамасымен маңызды шаралар жалғасын табады.

Көктемгі абаттандыру мен санитарлық тазалық айлығы шеңберінде облыс көлемінде «TazaLike», «Таза аула», «Таза қала», «Үлгілі аула» сынды конкурстар өткізілуде.

Сонымен қатар, тұрғындар экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты ұсыныс-өтініштерін Telegram-бот арқылы «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы жергілікті билікке жеткізе алады. Аталған бот іске қосылғаннан бері 533 өтінім келіп түскен. Оның көпшілігі – қоқыс тазалау мәселелеріне қатысты болса, қалғаны жол жөндеу мен көшелерді тазалауға байланысты болған.

Жалпы, акция басталғалы бері 803 шақырымға созылған каналдар мен арықтар, 50 мың тұрғын үй ауласы, 2,7 мың шақырым көше тазартылып, 5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 130 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 2,5 мың ағашқа санитарлық бұтау жұмыстары жүргізілді. 60 тарихи-мәдени нысан мен 143 саябақ пен скверлердің аумақтары үнемі тазартылып тұрады. Бұл шараларға 180 техника бірлігі тартылған.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар