дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында TEDx форматында ерекше кездесу өтті

Жамбыл облысында TEDx форматында ерекше кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Облыс орталығында қазақ тілінің мәртебесін көтеруге арналған ерекше форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

Облыстық әкімдіктің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мен ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемелері ұйымдастырған бұл жиын «Тіл – достықтың дәнекері» атауымен TEDx форматында өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ тіл үйренуге қатысты қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау.

Іс-шараға әртүрлі саланың үздік мамандары қатысты. Олардың қатарында:

«Damu High School» мектебі директорының орынбасары - Евгений Анатольевич Кравчук

 Полиция департаментінің аға лейтенанты - Иван Александрович Пономарев 

 Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау аға лейтенанты - Карина Сергеевна Карташова

Әнші, актер - Сергей Владимирович Семкин


Кездесудің модераторы қатысушыларға қазақ тілін қалай меңгергендері, қандай қиындықтарға тап болғандары, тілді үйренуге не түрткі болғаны туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, қазақ тілінің қызметтік салада қаншалықты қажет екені, тіл үйренушілерге қандай мотивация керек екені, жастарға қандай кеңестер беруге болатыны талқыланды.

Кездесуге қатысушылар қазақ тілін меңгерудің тек қарым-қатынас үшін ғана емес, патриоттық сезімді оятудағы маңызы зор екенін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар қазақ тілін үйренуге деген көзқарастарын ортаға салып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдарына қатысты өз ойларын білдірді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар