жексенбі, 16 наурыз, 2025 7:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары талқыланды

Жамбыл облысындағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары талқыланды
Jambylinfo.kz
«AMANAT» партиясы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңесте өңірдің экологиялық жағдайына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысып, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылады.

Отырыста қаралған басты мәселелердің бірі – «Қазфосфат» ЖШС-нің Тараз қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан фосфогипс қалдықтары. Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Темір Смағұлов бұл қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қалдықтарды Хамукат алқабындағы шұңқырға көміп, үстін топырақпен жабу туралы ұсыныс қарастырылуда. Алайда бұл әдіс экономикалық тұрғыдан тиімсіз, себебі қалдықтарды тасымалдау мен жасыл белдеу құру үлкен қаржыны қажет етеді.

Фосфогипс – химиялық өндіріс қалдығы, оның құрамында ауыр металдар мен радионуклидтер болуы мүмкін. Егер дұрыс залалсыздандырылмаса, бұл қалдықтар жер асты сулары мен топырақтың ластануына әкелуі мүмкін. Сондықтан кеңесте бұл мәселені республикалық деңгейде қарастыру үшін тиісті ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.

Кеңес барысында облыста мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылып жатқаны айтылды. Дегенмен, олардың көбі көктемей, қурап қалуда. Бұл жағдай суару жүйесінің жетіспеушілігі, дұрыс күтімнің болмауы және климаттық ерекшеліктерді ескермеумен байланысты.

Экологтардың айтуынша, құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлерін таңдау маңызды. Сонымен қатар, автоматты суару жүйелерін енгізу және егілген көшеттердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігі атап өтілді. Кеңесте облыстық әкімдік пен Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері бұл мәселеге қатысты есеп берді.
Жиын соңында жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мәселесі көтерілді. Экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне бақылау жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл бағытта экологтар, қоғам белсенділері мен партия мүшелері бірлесіп жұмыс істейтінін жеткізді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар