сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен толықты

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен толықты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 млн. теңге бөлінген

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен қамтамасыз ету жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 3 трактор, 3 кіші өрт сөндіру автокөлігі, 10 патрульдік автокөлік, 10 соқа, 8 дискілі тырма және тағы басқа қажетті агрегаттар алынған. 

Ал өткен жылы мекемелер 9 трактор, 7 автокөлік, 10 өрт сөндіру мотопомпасы, 4 дисклі тырма және 40 мобильді рациямен қамтылды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 млн. 414 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Оның 2 млн. 357 мың гектары орман ағаштарымен көмкерілген. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

Қазіргі таңда ормандарды молайту жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес соңғы үш жылда орман қорына 67,2 млн. ағаш егілді.

Атап айтқанда, 2021 жылы – 7 300 гектарға 10 563 дана, 2022 жылы – 13 660 гектарға 24 500 дана, 2023 жылы – 18 812 гектарға 32 218 дана қарағаш және сексеуілдің көшеттері егіліп, тұқымы себілді.

Биыл 4 728 гектар алқапқа 13 387 дана қарағаш және сексеуіл екпесі отырғызылды.

Еске салайық, өңірде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 15 мекеме жұмыс істейді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар