жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желі ашылды

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желі ашылды
Фото: pixabay.com
Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

  2025 жылғы 8 шілде күні сағат 14:30 шамасында Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Жер дүмпуі Т. Рысқұлов және Меркі аудандарындағы бірнеше елді мекенде сезілген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Құлан ауылында 1970 жылы саман кірпіштен салынған бір жеке тұрғын үй мен 1934 жылы салынған аудандық мұрағат ғимаратына аздаған зақым келген. Сондай-ақ Абай ауылдық округінде 1979 жылы салынған бір тұрғын үй жеңіл түрде зардап шеккен.

Коммуналдық және әлеуметтік нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылымға зиян келгені туралы ақпарат тіркелмеген.

Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында жедел штабтар құрылды. Арнайы комиссиялар оқиға орындарында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық орталығында сағат 14:30-да өңірлік жедел штаб құрылып, 8 (7262) 51-35-75 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылды.

Жамбыл облысының әкімі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады:

«Жағдай менің жеке бақылауымда. Мұндай сәтте сабыр сақтап, азаматтық жауапкершілік таныту маңызды. Тек ресми дереккөздерден алынған шынайы ақпаратқа сенім артуға шақырамын», – деді Жамбыл облысының әкімі.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар