жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген

Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген
Жамбыл облысыда жыл басынан бері 148 егіз дүние есігін ашқан. Жамбыл облысында биылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 13 926 сәби өмірге келген. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Жалпы алты айда туған 13926 сәбидің 7138-і ұл бала болса, 6788-і қыз. Оның арасында 148 егіз бар. Үшем тіркелген жоқ»,-делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ, басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аралықта өмірге келген шақалақтардың ең кішкентайының салмағы 501 грамм болып тіркелген. Ол – ұл бала. Ал, ең ірісі де ұл бала, оның туған кездегі салмағы 5850 граммды құраған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар