жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жолдардан 5000-нан астам ақау анықталған

Жамбыл облысында жолдардан 5000-нан астам ақау анықталған
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жолдардан 5000-нан астам ақау анықталған
Жамбыл полицейлері облыс жолдарындағы 5000-нан астам ақауды анықтады. Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері облыстың көлік жолдарына 752 тексеріс жүргізіп, 5000-нан астам ақауларды анықтады. Ол бойынша жергілікті атқарушы органдарға орындауға 752 ұйғарым жіберіліп, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың 87 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Жүргізілген тексерулер нәтижесінде облыстың көлік жолдарында 378 жол белгілері орнатылды, 1600 шақырымнан астам жол белгілері қойылды, 10 000 шаршы метрден астам шұңқырларды жөндеу жүзеге асырылды, 26 жол буфері ауыстырылды, 896 белгі бағаналары мен 3530 катафоталар орнатылды», – деді Жамбыл облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мәмбет Смаилов.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар