....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысының ҚАЖД №58 мекемесінде шахматтан спорттық іс-шаралар өткізілді

Жамбыл облысының ҚАЖД №58 мекемесінде шахматтан спорттық іс-шаралар өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының ҚАЖД №58 мекемесінде шахматтан спорттық іс-шаралар өткізілді
2023 жылғы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен ( әрі қарай «Шахмат федерациясы») және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес, ҚАЖ департаментінің «сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі» бас маманы әділет подполковнигі А. Танашеваның басқаруымен 2023 жылдың 23- қарашасында № 58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында - «футболдан, қол күрестен, шахмат ойындарынан» мәдени-спорттық іс-шаралары САТжӘПЖБ бөлім бастығы әділет майоры Е. Набатовтың ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, сонымен қатар «Шахмат» федерациясы өкілдері қатысты.  width=  width= Жарыстың мақсаты- сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Шахмат- ақыл-ой қызметінің дамуына және адам денсаулығын нығайтуға ықпал ететін адамзаттың ұлы өнертабысы. Ғасырлар бойы шахмат, бұқаралық спорт түрлерінің бірі ретінде, халықтар арасында достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен шахмат жарысында жеңімпаздар анықталып түрлі дәрежелі дипломдармен мараптталып, жалпы қатысушыларға сертификаттар табысталды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар