жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының бренді пияз болмақ

Жамбыл облысының бренді пияз болмақ
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының бренді пияз болмақ
Республика бойынша пияздың 75 проценті Жамбыл облысында өсіріледі. Былтыр аймақта 22 мың гектар жерге пияз егілген. Бірақ су тапшылығы шаруаларға қолбайлау болып отыр. Соңғы 5 жылда өңірде пияз алқабы 8 мың гектарға ұлғайған. Былтыр егілген 22 мың гектардан 700 мың тоннаға жуық өнім жиналған. Аймақта бас-аяғы 18 мың шаруашылық болса, оның мыңнан астамы пияз егеді. Сұраныс бар кезде осы кәсіппен айналысқысы келетіндер де азаймайды. Дулат Оспанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - Тұтыну нормасымен қарайтын болсақ, жылына біздің облысқа 1 млн 100 мың халыққа 22 мың тоннадай пияз керек екен. Егер Қазақстанға шығатын болса, ел тұрғындары жылына 350-400 мың тонна пияз тұтынады, әрі кетсе 350 мың 400 мың тоннадай пияз керек болады. Қалған өнімдер экспортқа кетеді. Таласбек Шертаев, шаруа қожалығының басшысы: - Жамбыл облысында еккен пияз мен Ресей, Иран, Польша, Ауғанстанға экспортталады. Соңғы екі жылда елде де, сыртта да пиязға деген сұраныс артқан. Алайда су тапшылығы бар. Көрші елден алуға мәжбүрміз. Қазір пияз өсіретін шаруашылықтар үшін тамшылатып суару әдісі тиімді болып тұр. Көбі соған көшіп жатыр. Дулат Оспанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - 22 мың гектардың 11 мың гектарына тамшылатып суару жүйелері енгізілген. Қазір судың тапшылығы бар. Жамбыл облысы судың 80% Қырғызстаннан алып отыр. Пияз - өзі орташа есеппен 125-130 күнде өсіп шығатын өнім. 100 күнде де дайын болатындары бар. Тұқымына байланысты. Елде қазір осы пияздың 10 шақты сұрпы бар. Негізінен 3-4 тұқымы молынан егіледі. Оның өзі Голландиядан әкелінеді. Өзімізде сапалы тұқым жоқ. Өнімді сақтау жағынан да проблема баршылық. Облыста көкөніс сақтауға арналған 200-ден аса қойма бар. Бірақ оның өзі жеткіліксіз. Облыста қазір 4 қойма салынып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар