....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 10:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Облыстық «Дарын» лицей-интернаттың информатика пәнінің мұғалімі Сарыбаев Мақсат Махмұтұлы ең үздіктер қатарынан көрініп, "Үздік педагог-2023" атанды.  width=

Ұстаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі, «Үздік педагог» төсбелгісі және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Биыл «Үздік педагог» байқауына қатысу үшін 961 өтінім берілген. Конкурс қорытындысы бойынша 64 педагог өз мамандығы бойынша үздік атанды.

Жамбыл облысынан тағы бес мұғалім 2023 жылдың ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРЫ атанды.Олар:

Ошақбаев Рауан Маратұлы - Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектептің география пәнінің мұғалімі;

Нуралиева Айнұр Ерболқызы - Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектептің математика пәнінің мұғалімі;

Қалдасбекова Айшат - Жуалы ауданы Көктөбе орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі;

Тәтібекова Айнұр Андабекқызы - Т.Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Жүзбаев Нариман Күмісбекович - «Қаратау құрылыс -техникалық колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы;

Үздіктер қатарынан табылып, облысымыздың атағын асқақтатқан ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар