сенбі, 26 сәуір, 2025 23:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді
Фото: Polisia.kz
Тергеу барысында күдіктінің есірткі құралдарын Шу ауданының құмды аймағында дайындап, Қарағанды қаласына апарып сатпақ болғаны анықталды.

Жамбыл облысында Шу ауданының 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату мақсатында сақтап, тасымалдаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Полиция қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Land Rover автокөлігін тоқтатқан.

Тэя атты қызметтік иттің көмегімен автокөліктің салонын тексеру кезінде артқы жолаушылар орындықтарының астынан өсімдік тектес қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 11 полиэтилен пакет табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 11 келі 120 грамм гашиш есірткі заты болып шықты, – делінген хабарламада.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар