сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 15:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды
Фото: istockphoto.com
Жолдар 2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған

2025 жылғы 7 наурыз сағат 10:00-де Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593-шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша-Бибі а. – Түркістан облысының шекарасы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Түркістан облысында Жамбыл облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты "Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Түркістан облысының шекарасы – Т. Рысқұлов п.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар