жексенбі, 24 қараша, 2024 4:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 600 шақырымнан астам жол жөнделеді

Жамбылда 600 шақырымнан астам жол жөнделеді
ашық дереккөзі
Жамбылда 600 шақырымнан астам жол жөнделеді
Биыл Жамбыл облысындағы жол саласына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 605,2 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында жергілікті әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтты. Оның мәліметінше, өңірде барлығы 252 жол жөндеу жобалары іске асырылуда. «Оның ішінде «Қуатты өңірлер – ел дамуның драйвері» бағдарламасымен – 31 жоба, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 74 жоба, «Өңірлерді дамыту - 2025» бағдарламасымен - 2 жоба және жергілікті бюджеттерден 145 жоба бар. Айта кететін болсақ, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен жоспардағы 605,2 шақырым жолдың 338 шақырымында жаңа асфальт төсеу жұмыстары аяқталып отыр», - деді спикер. Бақытжан Оразалыұлы жалпы 2022 жылы «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішінің межесі 97% құрағанын жеткізді, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82% жеткізу көзделіп отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар