
Жамбылда 791 жоба жүзеге асады
Мұндай инвестициялық жобалар өңір экономикасына екпін беріп, әлеуметтің әлеуетін арттыра түсетіндігі хақ.
– 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласына жалпы 52,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 27,0 млрд теңгесі мемлекеттік қолдауға бағытталған. Бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 16,1 млрд теңгесі игерілді. Қосымша республикалық бюджеттен 11,9 млрд теңге сұратылды. Оның 24 млрд теңгесі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 2,5 пайызбен несиелендіруге бағытталған, – дейді ол.Биыл 7 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 23,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 67,7 пайызға артып отыр. Ал тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 2,3 млрд теңге инвестиция салынып, 77,1 пайызды құрады. Жамбыл облысының Жол картасы аясында 2022–2025 жылдар аралығында 87,8 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны іске асырып, 1 148 тұрақты жұмыс орнын құру көзделуде. Оның ішінде биыл Жол картасы аясында жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 195 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 2022 жылы 9,0 млрд теңгеге 10 жобаға жан үрленіп, 183 жұмыс орны құрылған болатын.
– Іске асырылатын жобалардың негізгі бағыттары – сүт тауарлы фермасы, көкөніс сақтау қоймасы, бордақылау алаңы, құс етін өндіру, – дейді басқарма басшысы Нұрби Жігітеков.Жобаларды атап айтсақ, Байзақ ауданында 1,2 млрд теңгеге 8 000 басқа арналған құс фабрикасын салу көзделуде. Ал Жуалы ауданында 1,0 млрд теңгеге 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасы мен қуаттылығы жылына 7 000 тонналық сүтті қайта өңдеу цехы жұмысын бастамақ. Қордай ауданында 2,6 млрд теңгеге сыйымдылығы 5 600 тонналық жеміс-жидек сақтау қоймасы бой көтереді. Т.Рысқұлов ауданында болса, 0,7 млрд теңгеге 1 500 басқа арналған бордақылау алаңы тұрғызылмақ. Шу ауданы да инвестиция игілігінен шет қалмаған. Мұнда 2,5 млрд теңгеге астық сақтау қоймасы мен сыйымдылығы 20 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы салынады деп күтілуде. Жоба 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Тараз қаласында 2,4 млрд теңгеге сыйымдылығы 15 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланса, 30 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Жалпы 2024 жылы 27,7 млрд теңгеге 4 жоба (255 жұмыс орны) жүзеге асатын болса, 2025 жылы 40,6 млрд теңгеге 3 жоба (515 жұмыс орны) іске қосылады. Сонымен қатар «Даму жоспары» аясында 2022–2027 жылдар аралығында жалпы құны 50,2 млрд теңгені құрайтын 791 жобаны іске асырып, 2 156 тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 762,5 мың гектарға орналастырылып, 2022 жылмен салыстырғанда 6,5 мың гектарға ұлғайған. 2022 жылы 1 360 дана техника алынып, жаңару көрсеткіші 11,0 пайызды құраса, 2023 жылы 1 900-ге жуық техника сатып алынып отыр. Күзгі дала жұмыстарына осы техниканың 10 063 бірлігі қатысады деп межеленсе, оның ішінде 4 570 трактор, 1 105 соқа, 461 қопсытқыш және 3 927 басқа техникалар қалтқысыз қызмет көрсетеді. Биыл 7 айда аймақтағы жалпы мал саны 4,7 млн басты құрап 6,2 пайызға артып отыр. Нәтижесінде, сүт өндірісі 1,4 пайызға өссе, ет өндірісі 4,7 пайызға көбейген.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Алдыңғы мақала
Қымбатшылықпен күреске қарқын керек
Келесі мақала