жексенбі, 27 сәуір, 2025 17:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда ауыл шаруашылығына бөлінген 40,7 млрд теңгенің 902 млн теңгесі жымқырылған

Жамбылда ауыл шаруашылығына бөлінген 40,7 млрд теңгенің 902 млн теңгесі жымқырылған
inbusiness.kz
Аталған мәселе журналист Қамар Қарасаеваның "Aq jol" газетінің жаңа санында жарық көрген "Субсидия заң аясында берілуі керек" атты мақаласына арқау болды.

Автор мақалада ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияларды жымқыру мәселесін көтереді. Ол субсидия алу процесін автоматтандыру және алаяқтықты болдырмау үшін жауапты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтеді, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген болатын. Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды бөлшегі ғана емес, халық денсаулығын сақтау мен қауіпсіз тамақтанудың негізі болып табылады. Әсіресе, әлемдік пандемия кезінде қымыз, шұбат, жеміс-жидек және көкөніс сияқты өнімдерге сұраныс артқаны байқалды. Осы тұрғыда Жамбыл облысы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ болып саналады.

Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін айтарлықтай қаржы бөледі. Алайда, арасында пысықтық танытқан делдалдар мен алаяқтардың кесірінен бұл қаржы ауыл шаруашылығына тиісті мақсатта жетпей жатады. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген тексерулер нәтижесінде ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыру деректері анықталды.

Өткен жылы облысқа 40,7 миллиард теңге бөлінген, оның 19,6 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін субсидиялауға, 13,1 миллиард теңге «Ауыл аманаты» жобасына арналса, 8 миллиард теңге несие ретінде бөлінген. Сонымен қатар, 57,9 миллиард теңге инвестициялар тартылды. Алайда, бірқатар өнім өндірушілері бұл қаржыны мақсатсыз пайдаланып, жалған мәліметтер берген. 2023 жылы, мысалы, Жамбыл облысында таңқурай көшеттеріне шығынды өтеу үшін бөлінген 900 миллион теңге жымқырылғаны анықталды. Бұл іс бойынша 10 қылмыстық іс тіркеліп, 902 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Қазіргі уақытта субсидия алу жүйесі электронды түрде жүзеге асырылады. Бірақ көптеген шаруалар цифрлық технологияларды қолдана алмайды және өздерінің электронды қолтаңбаларын бөгде адамдарға береді. Бұл да алаяқтықтың орын алуына себепші болады.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Сарысу аудандық филиалының директоры Шыңғыс Абдрахманов субсидия алу процесін автоматтандыруды ұсынады. Бұл шара арқылы шаруаларға тиесілі қаржының алаяқтардың қолына түспеуі қамтамасыз етіледі.

Шаруаларға берілетін субсидиялардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін бұл мәселе жауапты түрде шешілуі керек. Сонда ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы нәтижелі әрі жемісті болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар