сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 0:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жандандырылуда

Жамбылда сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жандандырылуда
Ашық дереккөз
Нәтижесінде мекеме аумағындағы өндірістік нысандар жеке кәсіпкерлерге ұсынылып, бүгінде 11 кәсіпкер өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды тұрақты ақылы жұмыспен қамтып отыр.

Жамбыл облысындағы №58 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жандандырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының нұсқауына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында №58 мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі өндірістік аймақтағы бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Нәтижесінде мекеме аумағындағы өндірістік нысандар жеке кәсіпкерлерге ұсынылып, бүгінде 11 кәсіпкер өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды тұрақты ақылы жұмыспен қамтып отыр.

Бұл бастама сотталғандардың еңбек дағдыларын жетілдіруге, кәсіби тәжірибе жинақтауына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, олардың табыс табуына жағдай жасап, қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізуде.

Сотталғандарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады және өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар