«Жамбылда той»: Шу қаласында бірқатар отбасы баспаналы болды
- авторjambylinfo.kz
- 28 тамыз, 2024
- 484
Конституция күні қарсаңында Шу қаласында бірқатар отбасы баспаналы болды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев үйлі болған қоныс той иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Салтанатты шарада аймақ басшысы сөз алып, жаңа баспанаға ие болған азаматтарды құттықтап, ақ тілегін айтты.
Мұнан кейін Ербол Шырақбайұлы көпбалалы ана Гүлзинат Аманжолованың жаңа шаңырағына құтты болсын айтып, теледидар тарту етті.
Айта кетейік, қазіргі кезде Шу қаласында 1 745 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылы қала тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша 60 баспана табысталған. Төле би ауылында 14 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 100 тұрғын үйдің кілтін тапсыру жоспарланған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ербол Қарашөкеев садақ атып, домбыра тартты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024