сәрсенбі, 24 шілде, 2024 16:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын ұстап шығады

Жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын ұстап шығады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Спортшы ел сенімін ақтауға бар күшін саламын дейді

26 шілде күні Парижде басталатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның Туын ұстап шығатын спортшылар анықталды. Олар – боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Осы ретте jambylinfo.kz тілшісі бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновке хабарласып, дүбірлі дода алдындағы әсерін білді. 

«Төрт жылықтың басты бәсекесінде Қазақстанның Туын ұстап шығу - үлкен жауапкершілік. Сенімді ақтауға тырысамын. Көсіліп көп нәрсе айтқым келмейді. Алла абырой берсін», - деді спортшы. 

Асланбек бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны. 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионы (2022). Көптеген халықаралық турнирлерде топ жарған боксшы. 

Еске салайық, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 88 лицензия бар. Отандастарымыз 25 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар