Жаңалықтар
Жамбылдық дәрігерлер жүкті әйелдің үй жағдайында сәтті босануына көмектесті
- авторjambylinfo.kz
- 11 тамыз, 2023
- 242
Жамбылдық дәрігерлер жүкті әйелдің үй жағдайында сәтті босануына көмектесті
Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем көмегіне Тараздағы жеке үйлердің бірінде тұратын 25 жастағы әйелдің толғағы басталғаны туралы қоңырау келіп түседі.
Диспетчер GPS навигациясы бойынша қоңырау түскен жерге жақын бригаданы анықтап, пациентке бағыттаған. Аталған мекенжайға жедел жәрдем 8 минут ішінде жеткен. Бұл уақыт аралығында қабылдау дәрігері Мадина Запенова телефон арқылы әйелдің қайын енесіне не істеу керектігін айтып тұрады. Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін диспетчерьдің нақты нұсқауларының арқасында әйел толыққанды баланы өз бетінше дүниеге әкелген. Нәтижесінде босану – асқынусыз өткен. Анасы мен жаңа туған нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жатқызылған. Бүгінгі таңда олардың жағдайлары жақсы. Жақында үйіне шығару жоспарлануда.
Дереккөз: Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз