дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 23:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер 2 млн 457 мың 350 теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісін ұстады

Жамбылдық полицейлер 2 млн 457 мың 350 теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісін ұстады
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер 2 млн 457 мың 350 теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісін ұстады
Жамбылдық полицейлер жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімшілік полиция қызметкерлері алтын түстес "Toyota Camry" маркалы автокөлікті анықтады, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде 2 миллион 457 мың 350 теңгеге 54 мәрте жылдамдық режимін бұзған. Полицейлер 31 жастағы жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы әшкереледі. Оған көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн орнатқаны және басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ол үшін жүргізушіге тағы 27 690 теңге айыппұл салынды және сот шешімімен 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Айта кету керек, автокөліктің тіркелген өз нөмірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі жоқ. 2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысында 22 мың 500-ден астам жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар