![Жамбылдық полицейлер рейд жүргізіп жатыр](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2025/01/1738216722.webp)
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударып отыр.
– Көлік құралының конструкциясына заңсыз өзгерістер енгізу жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осындай бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) 58 980 теңге сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деп атап көрсетті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев.
Айта кетейік, рейдтер басталғаннан бері осы бап бойынша 130 жүргізуші жауапқа тартылып, заңсыз жабдықталған автомашиналар бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылған