Жамбылдық құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыға көмектесті
- авторАрайлы Жақсылық
- 8 наурыз, 2025
- 900
Екпінді жел аңшыны қайығымен бірге қамыс арасына алып кетіп, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Қауіпті жағдайға тап болған азаматтың хабары болмағандықтан, құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласқан, деп хабарлайды Zhambylinfo.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы сүңгуірлік киімдерін киіп, көлдің ортасында қалып қойған 1959 жылы туған азаматты жағаға алып шықты. Кейін ол дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетіп, ал көлдегі толқынның биіктігі 1-1,5 метрге дейін көтерілгендіктен, аңшы қатты тоңып, аяқ-қолдары жансыздана бастаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыз кезеңдерінде мүмкіндігінше саяхаттар мен сапарларды кейінге қалдыруды, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Биыл зейнетақы өседі
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






