жұма, 3 мамыр, 2024 17:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбылдықтар асыл тұқымды мал басын арттыруға ниетті

Жамбылдықтар асыл тұқымды мал басын арттыруға ниетті
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар асыл тұқымды мал басын арттыруға ниетті
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы Жамбыл ауданында жалғасын табуда. Жобаның екінші бағыты бойынша жамбылдықтар асыл тұқымды мал басын арттыруға ниетті. Сол үшін асыл тұқымды төрт түлікті көрші Түркістан облысынан алуды ұйғарды. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Қаракемер ауылдық округінің шаруаларын ертіп Түркістан облысындағы Сайрам және Төле би ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы асыл тұқымды шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып қайтты. Қаракемерліктер киелі өңірдегі мүйізді ірі қара, уақ мал мен жылқының күтімімен, бордақылау алаңдары және целекциялық жұмыстың барысымен танысып, олармен пікір алмасты. – Биыл қанатқақты жоба бойынша ауданда үшінші ауылдық округ ретінде Қаракемер ауылы енгізілген еді. Шаруалар төрт түлік туралы көршілес облыстың тәжірибесімен бөлісті. Оның үстіне осы күнге дейін жоба бойынша сатып алынған мал басы облысымыздың әр аудандарынан алынып келді. Бұл өз кезегінде облыстағы мал басы санының көбеюіне үлес қосып отырған жоқ. Сондықтан басқа аймақтың түлігін өзімізге әкелу ауданымызда ғана емес, облыстағы мал басының көбеюіне септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді Ербол Жұмабекұлы. Ербол Жиенқұловтың айтуынша, Қаракемер ауылдық округіндегі 450 аулада 2641 тұрғын бар. Округте қанатқақты жобаның екінші бағыты бойынша 157 тұрғыннан өтініш түсіп, несие ұйымы тарапынан қанағаттандырылған. Жобаға қатысатын 175 аулада 2970 бас мал алу жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 368,5 миллион теңге қаражат қаралған. Үшінші бағыт бойынша тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша Құмтиын ауылында «Ырыс Н.Б.К» ауыл шаруашылығы кооперативі барлық саланы қамту бағытымен құрылды. Ауыл сыртындағы жерді кооператив Қаракемер, Құмтиын және Сеңгірбай елді мекендерінің аумағындағы 65 шаруа қожалықтың жалпы жер көлемі 2252 гектар алқапты игереді. Оның 511 гектарын суармалы егістік, 241 гектарын шабындық, 1500 гектарын жайылым құрайды. Ауыл сыртындағы жер телімдеріне алдағы жылдың өнімі үшін 535 гектарына арпа, 96 гектарына бидай, 24 гектарына жүгері, 97 гектарына жоңышқа дақылдарын орналастыру үшін айналым қаражатынан 21,557 миллион теңге несие алу жоспарланған. Төртінші бағыт кооперативтерді жабдықтау немесе құру бойынша «Ырыс Н.Б.К» ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл сыртындағы алқапты тиімді пайдалану үшін 79 миллион 300 мың теңгеге «Тараз» микроқаржылық ұйымы арқылы 10 ауылшаруашылық техникалар алуға өтінім берілді. – Жобаның соңғы бағыты бойынша тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларын қаржыландыруға берілетін 15,2 миллион теңгеге 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде жем өңдеу цехы, наубайхана бар. Ал бірінші бағыты, үй іргесіндегі жер телімдерін игеру бойынша нақтылау жұмыстары жүргізілуде, – дейді Ербол Жиенқұлов. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында 5 бағыт нақтыланды. Бірінші – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, екінші – мал және құс шаруашылығын дамыту, үшінші – ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, төртінші – кооперативтерді жабдықтау, бесінші — тұрғындардың шағын жобаларын қаржыландыру. 5 бағыт бойынша 9,2 миллиард теңге бөлініп, 11 ауылдық округте 11 кооператив құрылып, 2 478 жоба қаржыландырылды.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар