дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 0:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті

Жамбылдықтар Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті
Фото: Алтынбек Қартабай
Таразда Ұлыстың ұлы күні ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін ауқымды шаралармен, киіз үйлермен, спорттық ойындармен және мерекелік концертпен кеңінен тойланды.

Таразда Ұлыстың ұлы күні биыл ерекше сән-салтанатпен, ауқымды деңгейде атап өтілді,  - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаланың Орталық алаңында оннан аса киіз үй тігіліп, ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Келген қонақтарға наурыз көже, бауырсақ және түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. 

Сондай-ақ, асық ату, арқан тарту, қазақ күресі сынды ұлттық спорт жарыстары өтіп, алтыбақан айналасында жастар мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мерекелік концертте "Жігіттер" квартеті, "Қоңыр" тобы және Қырғызстан Республикасының халық әртісі Саламат Садыкова өнер көрсетіп, көрермендерді әсем әнмен қуантты. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар да ұлттық ән-күйден шашу шашып, думанды кештің сәнін арттырды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар