Осыған орай Тараздағы Т. Рысқұлов атындағы орталық саябақта елордадағы парадтың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аталған шарада қала тұрғындары жиналып, мерейлі күннің мән-маңызын арттырған әскери парадты тамашалады.
Ұлы Жеңіс күніне орай еліміздің бас қаласында Әскери парад өтіп жатыр. Біз, қала жастары атаулы маңызды шараны тікелей эфирде көру үшін жиналдық. Жылына бір рет өтетін әскери шеру өскелең ұрпақтың жадында тарихымыздың жарқын беттерін жаңғыртады. Ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған батырларды дәріптеу - біздің парызымыз,- дейді қала тұрғыны Дархан Байпақ.
Айта кетейік, әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





