жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар жыл басынан жол ережесін 7,3 мың рет бұзған

Жамбылдықтар жыл басынан жол ережесін 7,3 мың рет бұзған
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар жыл басынан жол ережесін 7,3 мың рет бұзған
Жамбылдық полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және қолайсыз ауа райында қала сыртына шықпауға шақырды. Жыл басынан бері Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны 7 мың 346 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Сонымен қатар, «Арқан» мобильді кешенімен облыс бойынша 5 927 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Жылдамдықты асырғаны үшін 2 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен түрлі құқық бұзушылықтар үшін айыппұл тұрағына 65 автокөлік қойылды десек, оның ішінде 4 автокөліктің иесі мас күйінде ұсталған. «10 ақпаннан бастап жол-көлік оқиғаларының қауіпті аймағы болып табылатын «Тараз-Аса» тас жолында 2 арнайы «Арқан» мобильді кешені орнатылды, олардың көмегімен бүгінгі күні жылдамдық режимін асыру бойынша 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл көрсетілген жол учаскесіндегі жол жағдайын едәуір жақсартты. Ауа-райының қолайсыздығы, қатты жел мен тұманның түсуі, жолдардағы көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғасының өсу қаупі артуда. Жүргізушілер ауа-райы туралы ескертулерге назар аударып, жолдағы жағдайды қадағалап, өз өмірі мен жақындарының денсаулығына қауіп төндірмеуі және жолға шықпауы керек», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар