Жапон музыканты алматылықтарды күй тартып тамсандырды
- авторАрайлы Жақсылық
- 23 ақпан, 2025
- 519

Жапониядан келген музыкант Акира Такегучи қазақтың домбыра өнеріне ғашық болып, Алматы көшелерінде әйгілі күйлерді орындап жүр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жапониядан келген музыкант Акира Такегучи қазақтың домбыра өнеріне ғашық болып, Алматы көшелерінде әйгілі күйлерді орындап жүр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Домбырамен алғаш рет Стамбұлда танысқан ол, бірнеше сабақтан кейін-ақ бұл аспапқа ерекше қызығушылық танытқан. Қазіргі таңда Акираның репертуарында "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын" сынды жиырмадан астам күйлер бар.
Журналистер оның арманының орындалуына себепші болып, атақты күйші, композитор Секен Тұрысбековпен кездесуін ұйымдастырды. Екеуі бірге "Толқын" күйін орындап, қазақ музыкасының ғажайып сырларын бөлісті. Тұрысбеков домбыраның Жапониядағы танымал бола бастағанын атап өтіп, музыканың тілсіз-ақ жүрекке жететінін айтты.
Сонымен қатар, маэстро Акираға бірнеше құнды кеңес беріп, оны "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрімен таныстырды. Оркестр қонаққа арнайы шығармаларын орындап, қазақ музыкасының тереңдігін көрсетті.
Акира Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, қазақ тілін үйренгісі келетінін жеткізді. Бұрын скрипкада түрік әуендерін ойнаған музыкант, домбыраның ерекше үніне тәнті болғанын айтады. Ол Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" күйін орындап, Жапониядағы музыкалық байқауда жеңіске де жеткен.
Ендігі арманы – Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаевадан сабақ алу.
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025