Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды
- авторjambylinfo.kz
- 9 тамыз, 2024
- 440
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жұмаға жоспарланған Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға төрт күндік сапарын тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады хабарлайды Jambylinfo.kz. inform.kz -ке сілтесе жасап.
Бұл шешім Жапонияның метеорологиялық агенттігі Нанкай аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін қабылданған. Жапонияның метеорологиялық агенттігі бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң алғаш рет ескерту жасады.
Агенттік мәліметінше, Тынық мұхитының оңтүстік-батысынан орталық Жапонияға дейінгі аумақтарды қамтитын үлкен жер сілкінісі қаупі артқан.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида 9-10 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024