сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жапонияда ер адам 4250 жалған шағым үшін қамауға алынды

Жапонияда ер адам 4250 жалған шағым үшін қамауға алынды
Ашық дереккөз
Ол бір жыл бойы төтенше қызметтерге көршілерінің шуылы туралы қайта-қайта шағым түсіріп келген

Жапонияның Тиба префектурасында 46 жастағы Юки Симидзу есімді ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Rambler-ге сілтеме жасап.

Ол бір жыл бойы төтенше қызметтерге көршілерінің шуылы туралы қайта-қайта шағым түсіріп келген. Алайда, тергеу барысында оның барлық арыздарының жалған екені анықталды, деп жазады Rambler.

Полиция мәліметінше, Абиго қаласының тұрғыны бір жылдың ішінде құтқару қызметіне 4250 рет қоңырау шалып, төмендегі көршілерінің тыныштықты бұзатынын айтқан. Бірақ оқиға орнына барған құқық қорғаушылар ешқандай заң бұзушылық таппаған.

14 ақпанда жағдай шарықтау шегіне жетті: Симидзу төрт сағат ішінде полицияға 14 рет хабарласты. Сол күні төменгі қабаттағы пәтерде кезекшілік атқарған полиция қызметкерлері ешқандай шуыл болмағанын растады.

Тексерістен кейін ер адам төтенше қызметтердің жұмысына қасақана кедергі келтірді деген күдікпен қамауға алынды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар