сейсенбі, 16 шілде, 2024 20:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасөспірімнің өмірін құтқарған Ұлттық ұланның сарбазы марапатталды

Жасөспірімнің өмірін құтқарған Ұлттық ұланның сарбазы марапатталды
Фото:ТЖМ
Сарбаз «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін иеленді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың  бұйрығына сәйкес, Астана қаласында жеткіншекті судан аман алып шыққан Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Махмет Әлішер марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев Махмет Әлішерді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттаған. 
«5573 әскери бөлімінде Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев Махмет Әлішерді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалымен марапаттап, адам құтқару кезіндегі танытқан қырағылы мен жедел әрекеттері үшін оған алғыс білдірді»,-деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 15 маусымда сарбаз Ақбұлақ өзенінде су батып бара жатқан ер адамды көріп, көмекке асыққан. Нәтижесінде ол 2008 жылы туған жасөспірімді ажалдан арашалап қалды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар