сейсенбі, 1 сәуір, 2025 13:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жас таланттар мәселеге үн қосты

Жас таланттар мәселеге үн қосты
Jambylinfo.kz
Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты карикатура байқауы өтті

Байқау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын түрлі карикатуралар арқылы бейнелеп, өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараның басты мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және олардың назарына шығармашылық тұрғыдан жеткізу.

Аталған шара Өлкетану мұражайының «Галерея» залында өтті. Байқауға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясының мүшесі Жұмахан Танкебай, «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Гүлбаршын Құланбаева, «АулиеатаТрансПасс» ЖШС директоры Рашид Пірманов, партия ардагері, білім саласының құрметті азаматы Дәмеш Үскімбаева және облыс аудандарынан келген оқушылар қатысты.

Байқау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын түрлі карикатуралар арқылы бейнелеп, өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» деген сөзі іс жүзінде жүзеге асуы тиіс міндет екені тағы бір мәрте айтылды. Осы бағытта «AMANAT» партиясы қоғамды осы дерттен арылту жолында бірқатар маңызды жұмыстар атқаруда.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға да септігін тигізеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар