Бүгін, яғни 5 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының "112" телефонына көмек сұрап хабарласты. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары шұғыл жөнелтілді. Келіп жеткен құтқарушылар мысықтың электр бағанасында екі күн отырғанын, үй жануарының иесіз екенін анықтады. Бақытымызға орай, жергілікті тұрғын әлгі мысықты байқап, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Олар өз кезегінде ұзақ ойланбастан, үш иінді сатыны пайдаланып, мысықты құтқарды. Әйел құтқарушылардың мейірімділіктері мен жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды, электр және газ құрылғыларын қуат көздерінен ажыратуды сұрай отырып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске саламыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда "101" және "112"нөмірлеріне жедел хабарлау қажет
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды
Ұқсас жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






