Жасанды интеллект авторларға Instagram-нан гонорар алуды жеңілдетеді
- авторjambylinfo.kz
- 26 ақпан, 2025
- 326

Әділет министрлігі шығармашылық иелерінің авторлық құқығын қорғау үшін жасанды интеллектіні қолдануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"2024 жылдың күзіндегі қазақстандық музыканың Meta платформаларынан алынып тасталуы ұжымдық басқару саласындағы олқылықтарды көрсетті. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар өз шығармалары үшін сыйақы ала алмағандарын айтып шағымданды. Осы мәселені шешу үшін салада цифрландыру қажет деген шешім қабылданды", - деді министр.
Жаңа цифрлық жүйе келісім-шарт жасасу, сыйақы жинау, бөлу және төлеу үдерістерін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Бұл шығармашылық иелерінің құқықтарын тиімді қорғауға және олардың еңбектерінің әділ бағалануына жол ашады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз