сейсенбі, 8 сәуір, 2025 19:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастар үшін баспана алу мүмкіндігі кеңейтілді

Жастар үшін баспана алу мүмкіндігі кеңейтілді
Ашық дереккөз
Енді сатып алу құқығынсыз жалға алған тұрғын үйде тұрып жатқан жастар «Отбасы банкінің» арнайы бағдарламаларына қатыса алады

Жалдамалы баспанада тұратын азаматтар жастарға арналған бағдарламалардан бөлек, «Наурыз» және басқа да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Олардың қатарына «Алматы жастары», «Елорда жастары», «Қамқор» секілді тиімді ұсыныстар кіреді. Бұл мүмкіндік Алматы, Астана, Шымкент қалаларында мемлекеттік жалдамалы пәтерде тұратын азаматтарға да қолжетімді.

Бағдарлама талаптары өзгеріссіз қалды: ең бастысы – несие тарихының таза болуы. Егер үміткердің мерзімі өткен қарызы болса, бағдарламаға қатыса алмайды. Мұндай жағдайда қарызды толық өтеп, үш ай өткен соң қайта төлем қабілеттілігін тексеруге болады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар