сенбі, 23 қараша, 2024 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастардың бастамасы қуантады

Жастардың бастамасы қуантады
ашық дереккөзі
Жастардың бастамасы қуантады
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл мақсатқа жалпы көлемі 799,4 млн. теңге қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен бөлінген 76,6 млн. теңгеге 26 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды. Ал, биылғы жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 63,1 млн. теңгеге 35 әлеуметтік  маңызы бар жобалар қолға алынған. Сондай-ақ, Облыста алғаш рет NEET санатындағы жастардың электронды дерекқоры жасақталып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері олармен адрестік жұмыстар жүргізу үстінде. Жалпы NEET санатындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық «JAMBYL CUP - 2020», жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» сынды спорттық жобасы қолға алынып, алдағы уақытта аталған жобалар үздіксіз жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облысымызда «Жасыл Ел» және студенттік құрылыс жасақтары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 1 535 жас уақытша мерзімдік жұмыспен қамтылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі өңірде жастарды кәсіпке баулу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен облыста «Бастау бизнес» жобасы аясында жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту бағытында 1 694 жас оқытудан өтіп, 1 155 жас грант иеленді. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде 1 862 жас 200 айлық есептік көрсеткіш шегінде гранттар жеңіп алып, өз кәсіптерін дөңгелентуде. Жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы ерекше. Аталмыш бағдарлама аясында 582 маманға 160,2 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы және 328 маманға тұрғын үй сатып алуға 1,3 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ,  жастарды жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетіктерінің бірі - «Серпін» жобасы. «Серпін» жобасына Жамбыл облысынан барлығы 1 382 студент оқуға түсіп өз біліктіліктерін арттыру үстінде. Мемлекет басшысының Жарлығымен өткен жыл баршамызға белгілі волонтерлар жылы деп жарияланған болатын. Бұл мақсатта да өңірде атқарылған шаруалар аз емес. Еріктілерді дамыту мақсатында облыста кешенді жұмыстар жүргізіліп, көптеген жобалар қолға алынып, ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Қамқор» әлеуметтік қайырымдылық дүкендері іске қосылып, бүгінде 15 дүкен жұмысын жандандыруда. Аталған жоба аясында 12 мың отбасыға 41 мың тонна киім-кешек үлестірілді. Жалпы өңірлік жастардың бастамаларын қолдау және ынталандыру мақсатында 21 ерікті-жасқа облыстық бюджет есебінен 300 мың теңгеден грант берілді. Еріктілердің еңбегі бағаланып, 2 волонтер мемлекетік наградамен, 35 ерікті «Халық алғысы» медалімен және 180 жас «Құрмет», «Алғыс» грамоталарымен марапатталды. Нұрдәулет Асан.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар