"Жай турнирге дайындалып жатырмын деп ойладым": Елдос Сметов жеңіске жетуінің сырын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 28 шілде, 2024
- 575
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жарыстан кейін "Азаттыққа" берген сұхбатында осылай деп жауап берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Бұл үшінші олимпиада ойындары болғаннан кейін толыққанды барлық нәрсені тастадым. Ешнәрсе миыма алған жоқпын. Ешқандай жауапкершілікті де алған жоқпын. Өзімнің психологиялық тұрғыдағы дайындығым сол жағынан болды. Бірақ бұл жауапкершіліктің жолы ауыр екенін сезіндім. Жауапкершілікті ойлай беретін болсаң, асқындыра беретін болсаң онда өзіңді қола ұстап қалу, басыңды жұмыс істету, одан әрі қобалжып кету деген сияқты нәрселерге жол беріп қоясың. Жан-жағымда ешкім жоқ, жай турнирге дайындалып жатырмын деп ойладым. Бірақ мен бұл соңғы олимпиада болуы мүмкін екенін білдім. Сол сияқты бұл жерде барымды салуым керек деп ойладым". - деді олимпиада чемпионы.
Еске салайық, Елдос Сметов дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы атанып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз