Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz
Атырау облысындағы Жайық өзені күн санап көтеріліп келеді. Құтқарушылар су тасқынына қарсы бөгендер жасап қауіптің алдын алуға тырысып жатыр. ҚР ТЖМ мәліметінше сол маңда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов те жүр.
Жайық өзенінің деңгейі әлі де болса көтеріліп келеді. Мәселен, Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см. Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см. Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Бұдан да көтерілуі мүмкін деп болжам бар.
Республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.
11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024