Мұғалімдер күніне орай Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің басшылығы сотталғандарға сабақ беріп жүрген ұстаздарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Іс-шарада мекеме басшылығы Бекен Калимбетов пен Руслан Жапаров құттықтап ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар ұстаздарға алғыс хаттар ұсынылды. Алғыс хатта:
“Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен талап қоя білгендеріңіздің арқасында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың білімге деген құштарлығы арта түсті. Сотталғандарға тәлім-тәрбие беру арқылы бойларына жақсы қасиетті даиытуда ұстаздардың еңбегі зор. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін”, - делінген Алғыс хатта.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз