Жаңалықтар
Жазда балалар қандай медициналық қызметтерді тегін ала алады
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 шілде, 2025
- 351

18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған, сондықтан тексеру, вакцинация, мамандар кеңесі мен оңалту қызметтері тегін көрсетіледі.
Жаз мезгілі – балалардың денсаулығына көңіл бөліп, тексеруден өтуге өте тиімді кезең. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жазда көрсетілетін тегін медициналық қызметтер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңызды мәліметтер:
- Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі барлық балалар — МӘМС жүйесінің қатысушылары, жарнаны мемлекет төлейді.
- 2025 жылы профилактикалық тексерулер мен скринингтерге – 47,5 млрд теңге,
мектеп медицинасына – 28,1 млрд теңге бөлінді.
Жазда тегін қолжетімді қызметтер:
- Профилактикалық тексерулер (емханада немесе мектепте өткізіледі)
- Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцинация және ревакцинация
- Маман кеңестері: ЛОР, офтальмолог, хирург, тіс дәрігері
- Диагностикалық тексерулер: УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ
- Оңалту қызметтері: физиотерапия, массаж, ЛФК (медициналық көрсеткішке сәйкес)
- Алғашқы және шұғыл медициналық көмек
Егер бала оқу кезінде тексеруден өтпеген болса, жазда тіркелген емханада өтуге болады. Барлық қызметтер МӘМС және ТМККК аясында тегін ұсынылады.