сейсенбі, 31 желтоқсан, 2024 0:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеңілдік сертификаттарының мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды

Жеңілдік сертификаттарының мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Жеңілдік сертификаттарының мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды
«Жасыл даму» АҚ 2021 жылдың 19 қаңтардан 2022 жылдың 18 қаңтарына дейінгі аралықта ескі техникасын жоюға тапсырғандарға берілген жеңілдік сертификаттарының жарамдылық мерзімі 2024 жылдың 18 қаңтарына дейін ұзартылғандыған хабарлайды. Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттары бар азаматтар, Қазақстан Республикасында көлік құралдарын өндіруді ынталандыру қағидаларына сәйкес, 2022 жылдың 5 желтоқсаннан бастап Қазақстанда өндірілген автокөлік құралдарын сатып алу кезінде жеңілдік сертификаттарын пайдалана алады. Сонымен қатар жеңілдік сертификаттарын үшінші тұлғаға беруді жүзеге асыруына мүмкіндік бар. Естеріңізге салайық, «Жасыл даму» АҚ 2022 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің №697 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №63 «бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы» бірлескен бұйрығы қабылдады. Онда Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі №263 және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №400 «Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасы, техникалық регламенттерде айқындалған. Айта кету керек, аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар