сенбі, 15 наурыз, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбегендерге енді айыппұл салынады

Жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбегендерге енді айыппұл салынады
Фото: pixabay
Осы айдан бастап бірқатар жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізіледі.

 Енді жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбей, кедергі келтіргендерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ktk.kz сілтеме жасап. 

Сондай-ақ жүріп келе жатқан көлікте басын шығарғандарға да 40 мың теңгеге дейін айыппұл хаттамасы толтырылады. 

Дегенмен заңда жұмсартылған тұстар да бар. Мәселен, жол-көлік апатында кінәлі жүргізуші, ешкімнің өліміне себепкер болмаса, бұған дейін жүргізуші куәлігінен жарты жылға дейін айырылатын болса, енді 80 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтыла алады.

Жоғары палата депутаттары автомектептерге тексерісті күшейту керек деген пікірді ұстанады. Себебі, куәлікті оңды-солды таратқандардың кесірі жазықсыз адамның өмірін қиып жатыр.

“Жол инфрақұрылымы әлі жолда апат болудан сақтауға дайын емес. Жолдарды жөндеуіміз керек. Екінші мәселе, жүргізушілердің дайындығын дамыту керек, басқаша тәсілмен. Бүгінде жүргізуші куәлігін алу рәсімі өте жеңіл”, – дейді сенат депутаты Марат Қожаев. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар