сейсенбі, 12 қараша, 2024 2:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін 80 мың төлейді

Жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін 80 мың төлейді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем бригадасын шақырған

Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады. 

" 14 қазанда Ақтау тұрғыны 103 пультіне хабарласып, науқастың көптеген дәрі-дәрмектерді қабылдағанын айтқан. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын мұның пранк екенін айтқан. Осыған байланысты шақыру жалған болып тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал ақтаулық азаматқа  арнайы қызметтерді к жалған шақырғаны үшін ер адамға 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды" – деп жазылған медициналық мекеменің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Заң бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге).төлейді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар