бейсенбі, 18 сәуір, 2024 6:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жексенбі күнгі ауа-райы: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Жексенбі күнгі ауа-райы: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
elements.envato.com
Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 ақпанда Шымкент қаласында тұман түседі,деп хабарлайды Jambylinfo.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қарлы боран, жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

25-27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, қар жауады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, орталықта күндіз солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар