Жаңалықтар
Желге ұшқан есіл ақша: Ақтауда 2,5 миллион теңгенің әткеншегі жарамсыз болып қалған
- авторjambylinfo.kz
- 24 наурыз, 2024
- 658
Ақтау тұрғындары "Трио" әткеншектерінің шынжыры тағы жұлынып кеткеніне шағымданды.
11-шағынаудандағы "Ынтымақ" алаңындағы әткеншек, тұрғындардың айтуынша, жарамсыз болып қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жағдайға Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі пікір білдірді.
"Осы нысанды қалпына келтіретін мердігерді анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр", - деп жауап берді бөлім өкілдері.
Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат қосымша хабарланады. Әткеншек құны 2 миллион 553 мың 441 теңге болған.
Азина Естай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала