жексенбі, 16 наурыз, 2025 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер халықтың игілігі үшін жұмыс жасауы тиіс

Жер халықтың игілігі үшін жұмыс жасауы тиіс
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Облыс аграрлы-индустриялды аймақ болып табылады. Қолда бар жер қорының 72 пайызы егін және мал шаруашылықтарын дамытуға қолайлы. Бұл аграрлық саланы дамыту мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Соңғы жылдары жүргізілген реформалар барысында бұрынғы ұжымшар мен кеңшарларлың пайдалануында болған егістіктер мен жайылымдар, шабындықтар мен көп жылдық екпелер (баулар мен жүзімдіктер) бөлініске түсіп, жекеменшікке немесе ұзақ мерзімге жалға берілгенімен, мыңдаған гектар тусырап жатқан жер телімдерінің қараусыз қалып, арам шөп немесе бұта басып кеткендіктен айналымнан шығып қалғаны жасырын емес.

Рас, соңғы жылдары осы мәселеге мемелкеттік тұрғыда назар аударылып, мән беріле бастады. Бұл туралы мемлекет басшысының игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі нақты тапсырмалары бар.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабына сәйкес Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.

Жерді игермеу фактісі орын алған жағдайда бақылаушы органмен жерді пайдаланбаған тұлғаға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 338 бабымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау фактісіне ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Жер және Салық кодекстерінің талаптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық салық мөлшерлемелері меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға, сондай-ақ,  объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы он және жиырма есеге ұлғайтылатындығы белгіленген.

Мысалы, салық органның мәліметіне сәйкес Меркі ауданының тұрғыны Н есімді азаматқа шаруа қожалығын жүргізу мақсатында берілген 225,12 гектар жер учаскесіне жылдық салық мөлшері 2280 теңге болып белгіленген. Алайда аталған азамат жерін мақсатына сай пайдаланбағаны үшін салығы 20 есеге көтеріліп 55 674 теңге төлеуде. Сондай-ақ, Тараз қаласында Д есімді азаматқа сауда-тұрмыстық және сауықтыру кешенін жүргізу үшін көлемі 0,054 гектар жер учаскесі үшін 4950 теңге жерге салық төлеп келсе, жерді игермегені үшін салығы 10 есеге ұлғайтылып 49 518 теңге төлеуде.

Бұдан бөлек, бақылаушы органның нұсқамасы орындалмаған жағдайда, яғни жер пайдаланушы ескеріліп, жерін пайдаланбаса Кодекстің 462 бабының 3 тармағына сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Әрі қарай, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-94 бабтарының нормаларында көзделген пайдаланусыз жатқан жерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз бақылаушы органмен сот органына жолданады.

Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлер Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, конкурс арқылы пайдалануға ниет білдірген азаматтарға және ауыл шаруашылық ұжымдарына берілетін болады. Жер нақты істеймін деген пайдаланушылардың қолында болуы тиіс.

Бұл бір ғана мысал осы орайда барлық ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік мақсатындағы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың назарына жерді мақсатына сай пайдалан, пайдаланбасаң мемлекет меншігіне қайтаруға тура келеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар