"Жертөледе тұрып келген". Қара бетперде киген жомарт жігіт тағы бір отбасыға үй сыйлады
- авторjambylinfo.kz
- 18 мамыр, 2024
- 635
Қазақстандықтар үшін жомарт әрі жұмбақ жігіт атанып кеткен қара бетперде тағатын азамат тағы бір отбасына баспана тарту етті- деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Қайырымды жігіт 12 жастағы Кәусардың отбасымен танысу үшін жертөледегі үйіне арнайы барған.
Оған Кәусар отбасының қазіргі ауыр жағдайын баяндап, анасы еден жуушы болып жұмыс істейтінін, ал сіңілісі эпилепсиямен ауыратынын әңгімелеп берген.
«Жертөледе тұрамыз. Көп қиындық болады. Ішімдік ішкен адамдар кіріп кетеді. Құбыр атылып кетеді. Тарақандар бар. Анама қалай қиын екенін түсінемін. Бірақ қалай көмектесемін», - дейді Кәусар жылап.
Ал бетперде киген жігіт оны құшақтап, оған баспананың кілтін табыс етіп, "қоныстарыңыз құтты болсын", -деп тілек айтқан.
Естеріңізге салайық, жұмбақ жігіт бұған дейін тұрмысы төмен бірнеше отбасына баспана сыйлаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024